​Гонконгтағы алапат өрт: 13 адам қамауға алынды

0
66

Алдын ала болжам бойынша, Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі апатқа бамбуктан жасалған құрылыс бағаналарына тасталған шылым себеп болуы мүмкін.


​Гонконгтағы алапат өрт: 13 адам қамауға алынды

Фото: South China Morning Post

ERNUR.KZ. Гонконг полициясы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде болған ірі өрттен кейін қастандықпен өлтірмеу деген күдікке ілінген 13 адамды тұтқындады, деп жазады inform.kz.

Кешеннен алынған жиырма құрылыс торы үлгілерінің жетеуі өртке төзімділік стандарттарына сәйкес келмеді. Алдын ала зерттеу қорытындылары бұл тор беттерінің тез тұтанатын полиуретанды көбікпен бірге өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли сейсенбі күні судья басқаратын тәуелсіз комиссия құрылып, жан-жақты тергеу жүргізіп, оған қатысы бар барлық адамдардың жауапкершілігін анықтайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, өртте 150-ден астам адам қаза тауып, тағы 79 адам жарақат алған. Полиция із-түзсіз жоғалған 30-ға жуық адамды әлі күнге дейін іздестіріп отыр.
Бұған дейін Гонконгта соңғы жетпіс жылдағы ең ірі өрт оқшауланғанын жазған болатынбыз.

Алдын ала болжам бойынша, Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі апатқа бамбуктан жасалған құрылыс бағаналарына тасталған шылым себеп болуы мүмкін.