Мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен.
ERNUR.KZ. Грекияда қаулап жатқан орман өрті ел астанасы Афины сыртына жетті, деп жазады inbusiness.kz.
Лапылдаған жалынның биіктігі 25 метрге жетті.
Афинының солтүстік шығыс аудандары мен іргелес қалаларында баспаналар өртке оранған.
Отты тоқтатуға күшті жел, құрғақ әрі күннің ыстығы кедергі келтіріп отыр.
Бұған қоса тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер мен арнайы техника жетіспейді.
Грекия билігі халықаралық қауымдастықтың жәрдеміне жүгінді.
Афиныға Испания, Италия, Түркия мен Канада тәрізді тағы бірқатар елден көмек жетпек.