Гренландия 20 жыл бұрынғыға қарағанда жеті есе тез еруде

0
1 042

Гренландиядағы мұздың еру жылдамдығын анықтау үшін 50 халықаралық ұйымның 89 ғалымы зерттеу жүргізген.


Гренландия 20 жыл бұрынғыға қарағанда жеті есе тез еруде

ERNUR.KZ. 1992 жылдан 2018 жылға дейін Гренландия мұзының еру жылдамдығы жеті есеге өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

XXI ғасырдың соңында аралдағы еріген су Дүниежүзілік мұхит деңгейін 7 сантиметрге көтеруі мүмкін.

Гренландиядағы мұздың еру жылдамдығын анықтау үшін 50 халықаралық ұйымның 89 ғалымы соңғы 30 жылдағы спутниктік суреттерді талдап, аралдың жағалау сызығындағы өзгерістерді салыстырды.

Осылайша олар 1992 жылдан бастап Гренландияда 3,8 триллион тонна мұз жойылғанын, бұл теңіз деңгейінің 10,6 мм көтерілуіне сәйкес келетінін анықтады.

Айта кету керек, зерттеушілер Гренландияның тез еруінің себебін зерттемеген. Алайда бұл жаһандық жылынуға байланысты Арктика мұзының жойылуына қатысты болуы мүмкін. Соңғы онжылдықта аймақтың орташа температурасы 0,75 градусқа көтерілген.