Йеменде қарулы қақтығыстан 40 адам қаза тапты

0
1 019

Қазір аймаққа ұрыстан зардап шеккендер үшін дәрігерлер жұмылдырылды.


Йеменде қарулы қақтығыстан 40 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Йеменнің Аден қаласындағы қарулы қақтығыс басылар емес. Салдарынан 40 адам мерт болып, тағы 250 тұрғын жарақат алды, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының гуманитарлық көмек бойынша жетекшісі Лиз Гранте хабарлады. Сонымен қатар ұйым өкілдері қарсылас тараптарды ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін бейбіт түрде келісімге келуге шақырады. Қазір аймаққа ұрыстан зардап шеккендер үшін дәрігерлер жұмылдырылды. Естеріңізге салайық, аймақтағы Оңтүстік өтпелі кеңес деп аталатын қарулы сепаратистер Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хадидің үкіметін құлатпақ ниетте. 8 тамызда басталған шиеленіске Сауд Арабиясы қолдау білдіріп жатыр.