​ Йеменде су тасқынынан 61 адам қаза тапты

0
358

Табиғи апаттан қаза тапқандар туралы соңғы деректер шықты.


​ Йеменде су тасқынынан 61 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Йеменде жауған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 61 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Қаза тапқандар туралы соңғы деректер елдің солтүстік-шығысындағы Мариб провинциясынан алынды. Онда төрт қоныс аударушы қайтыс болып, тағы 20 адам жарақат алған.

Бұдан басқа 7 мыңнан астам қоныс аударған отбасы Марибада болған қатты жаңбыр, жел және найзағайдан зардап шеккені айтылады.

Тағы 2973 отбасы қатты зардап шеккен, ал 4206 отбасы ішінара шығынға ұшырады.

Йеменнің Ұлттық метеорологиялық орталығы ахуалдың нашарлауына байланысты бүкіл ел бойынша азаматтарға үндеу жолдады.