Израиль астанасында екі террорист автобусқа отырып, Рамот қиылысында адамдарға оқ атқан.
ERNUR.KZ. Иерусалимде теракт болып, 4 адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Израиль астанасында екі террорист автобусқа отырып, Рамот қиылысында адамдарға оқ атқан.
Террористік атыс салдарынан шамамен 15 адам жараланды. Олардың бесеуі ауыр халде, қалғандары да ауыр жарақат алған. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Екі шабуылшы да оқиғадан кейін өлтірілген. Олар қолдан жасалған "Карло" тапанша-пулеметін пайдаланған, - деп жазады басылым.