Индонезияда көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты

0
167

Құтқарушылардың айтуынша, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында, оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Индонезияда көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты

Фото: Imagohinhua
ERNUR.KZ. Индонезияның Орталық Ява аймағында болған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті. Бұл туралы жергілікті іздеу-құтқару қызметінің басшысы Мұхаммед Абдулла мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында, оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Көшкін қатты жауған жаңбырдан пайда болып, үш ауылға соққы беріп, бірнеше үйді қиратып кеткен.

Бұған дейін Қытайдың Сычуань провинциясында көшкін салдарынан көпірдің жартысы опырылып түскені хабарланған. Алдын ала жүргізілген қауіпсіздік шараларының арқасында ол жерде зардап шеккендер болмаған.