​Индонезияда жалқау мемлекеттік қызметкерлердің деректері әлеуметтік желіде жарияланады

0
106

Бұл олардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.


​Индонезияда жалқау мемлекеттік қызметкерлердің деректері әлеуметтік желіде жарияланады

Фото: Википедия

ERNUR.KZ. Индонезияның Батыс Ява провинциясының губернаторы Деди Мульяди келесі айдан бастап жұмысына үлгермейтін мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы әшкереленетінін айтты, деп жазады inform.kz.

Губернатор әрбір «жалқау» қызметкердің аты-жөні, мекенжайы, суреті әлеуметтік желіде жарияланатынын мәлімдеді.

Шенеуніктің ойынша, бұл олардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.
— 1 қарашадан бастап әрбір аймақтық мемлекеттік орган өзінің ең жалқау қызметкерін жариялауға міндетті. Олардың аты-жөні, мекенжайы және фотосуреті беріледі. Мен оны өзімнің TikTok парақшамда жариялаймын, — деді ол.
Пилоттық бағдарлама келесі айда үш провинциялық агенттікте — Денсаулық сақтау басқармасында, Білім беру департаментінде және Қоршаған ортаны қорғау департаментінде басталады және келесі жылдың басында Батыс Ява провинциясының барлық 27 ауданы мен қалаларында қолданылады.
— Айлық алатындар жұмыс істеуі керек. Айлық алып, жұмыс істемесе, не керегі бар? — деді шенеунік.
Сондай-ақ ол тиімсіз қызметкердің мектептердің әкімшілік жұмысына жіберілетінін ескертті.
Кейбір мемлекеттік қызметкерлер сапасыз жұмыс істегені үшін жұмыстан босатылды.