Индонезияда жер сілкінісінен соң сұмдық жайт тіркелді

0
114

Елдің Ачех провинциясында пайда болған үлкен шұңқырдың ауданы 30 мың шаршы метрден асып кеткен.


Индонезияда жер сілкінісінен соң сұмдық жайт тіркелді

Фото: focus.ua

ERNUR.KZ. Antara News-тің жазуынша, оның тереңдігі 100 метрге жетеді, деп жазады inbusiness.kz.

Индонезияның Ұлттық зерттеу және инновациялар агенттігі (BRIN) орталық Ачех ауданының бір ауылында шұңқыр пайда болған жерде зерттеулер жүргізуде. Олар зерттеу барысында сұмдық жайтқа кезіккен.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, 30 мың шаршы метрден асатын және тереңдігі 100 метрге жететін шұңқыр көшкін салдарынан пайда болғанға ұқсайды.

Бастапқыда кішігірім ғана ойыс болған бұл жер уақыт өте келе эрозия мен топырақ жылжуы нәтижесінде кеңейіп, тереңдеп, алып өлшемге жетіп отыр. Бұл өз кезегінде көпшіліктің таңданысын әрі қорқынышын турдырған.

Сондай-ақ, сейсмикалық белсенділіктің бұл процестің дамуына ықпал еткені атап өтілді. Мысалы, 2013 жылы Орталық Ачехте болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісі топырақтың тұрақсыздығын күшейтіп, құрылымын әлсіретуі мүмкін деген болжам жасалады.

Қалай десек те, бұл жағдай сейсмологтерді қатты алаңдатады.