Индонезияда жер сілкінісінен үйінді астында қалған 5 жасар бала 45 сағаттан кейін құтқарылды

0
692

Дүйсенбі күнгі 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті.


Индонезияда жер сілкінісінен үйінді астында қалған 5 жасар бала 45 сағаттан кейін құтқарылды

ERNUR.KZ. Индонезиялық өрт сөндірушілер сәрсенбі күні Ява аралында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 45 сағаттай өз үйінің астында қалған 5 жасар баланы құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күнгі 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті, 151 адам із-түзсіз жоғалып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

«Азканы өрт сөндірушілер тобы таңғы сағат 10:40-та құтқарды», - деді Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің өкілі Анисса Новрианти баланың есімін атай отырып.

Осыған дейін Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 160-тан асқанын жаздық.