Sriwijaya Air жолаушылар ұшағының бортында 62 адам болған.
ERNUR.KZ. Индонезияда Sriwijaya Air компаниясының Boeing 737-500 жолаушылар ұшағы апатына не себеп болуы мүмкін екені айтылды, деп жазады tengrinews.kz.
Дереккөз мәліметінше, әуе кемесі суға соғылған кезде апатқа ұшыраған болуы мүмкін.
Straits Times газетінің мәліметінше, Boeing 737-500 ауада апатқа ұшыраған болса, ұшақтың сынықтары бүкіл жерде шашырап жатар еді,
"Бұл әлі түпкілікті нұсқа емес... Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың суға соғылған кезде апатқа ұшырағаны көрінеді", - деді әуе қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің тергеу бөлімінің басшысы Нүркахио Утомо.
Еске салайық, 9 қаңтарда Sriwijaya Air ұшағы суға құлаған еді. Sriwijaya Air жолаушылар ұшағының бортында 62 адам болған. Boeing компаниясы Индонезиялық авиакомпаниямен байланыста екенін және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.