Иран билігі тарапынан бұл хабарламалар ресми түрде расталған жоқ.
Фото: Hossein Zohrevand / Tasnim news
ERNUR.KZ. Тегеран эскалация қаупі төнген жағдайда ұзаққа созылған қақтығысқа дайын екенін көрсетті, деп жазады inform.kz.
Tasnim ақпарат агенттігінің жағдайдан хабардар әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Иран АҚШ-пен жердегі қақтығысқа бір миллионнан астам жауынгерді жұмылдырды.
Елдің оңтүстігіндегі АҚШ операцияларының қызу талқылануына байланысты Иранда әскер жұмылдыру белсенділігі күшейіп, армия, Ислам революциясының сақшылар корпусы және «Басидж» құрылымдары қатарына еріктілердің айтарлықтай ағыны тіркелгені хабарланды.
Тек белсенді әскери қызметкерлер ғана емес, қауіпсіздік күштеріне қосылуға өтініш берген жастар да шайқасқа қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
— АҚШ Ормуз бұғазын ашқысы келеді, бұл қалыпты жағдай. Біз олардың стратегиясын жүзеге асыруға да, бұғазды жабық ұстауға да дайынбыз» - деп хабарлаған агенттік дереккөз сөзін келтіреді.
Басылым жұмылдыру қақтығыстың ушығуы мен Иранға сыртқы қысым жасау әрекеттеріне жауап ретінде қарастырылып жатқанын атап көрсетеді.
Иран билігі тарапынан бұл хабарламалар ресми түрде расталған жоқ.
Біз бұған дейін Axios басылымының мәліметі бойынша, АҚШ Иранға қарсы «соңғы соққы» нұсқаларын қарастырып жатқанын хабарлаған едік. Сонымен қатар, Иран АҚШ операциясының ықтималдығына қатысты алаңдаушылық аясында Харг аралының қорғанысын күшейтіп жатыр.


