Иранда бірнеше марапатқа ие режиссер киносы үшін қамшымен дүре соғу және бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

0
538

Ол лицензиясыз түсірілім жасап, актрисаларды хиджабсыз түсірді деп айыпталды.


Иранда бірнеше марапатқа ие режиссер киносы үшін қамшымен дүре соғу және бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, Иран режиссері Мохаммад Расулоф фильмі үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, оған қамшымен дүре соғу, айыппұл төлеу және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Мұны оның адвокаты Бабак Пакния мәлімдеді, деп жазды stan.kz.

Сот оны ел қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасауды көздейтін ашық мәлімдемелер айтып, көркем және деректі фильмдер түсіргені үшін жазаға кесті.

Ол лицензиясыз түсірілім жасап, актрисаларды хиджабсыз түсірді деп айыпталды.

Бұған дейін де ол жазаға тартылыпты. Алғаш рет 2010 жылы рұқсатсыз түсірілімге түскені үшін қамауға алынған. Бастапқыда ол алты жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кейін жаза бір жылға қысқарды.

2017 жылы шетелден оралған соң оған елден шығуға тыйым салынды. Расулоф үкіметті сынағаны үшін 2022 жылдан 2023 жылға дейін түрмеде отырды, бірақ денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылды.

Мохаммад Расулоф – көптеген киносыйлықтардың лауреаты және номинанты.

2020 жылы ол "Зұлымдық жоқ" жұмысы үшін Берлин кинофестивалінің "Алтын аю" сыйлығын алды. Сондай-ақ оның "Қасиетті інжір тұқымы" фильмі Канн кинофестиваліне қатысу үшін таңдалды.

Еске салсақ, бұған дейін Иранда үкіметке қарсы шерулерді қолдаған рэпер Тумадж Салехи өлім жазасына кесілді.