Иранда қаза тапқандар саны артты

0
443

10 күн бұрын Иранда полиция ұстаған 22 жастағы Махси Аминиді жерлеу рәсімінде басталған шерулер Иранның барлық 31 провинциясына тарады және 2019 жылы жанармай бағасына қатысты жалпыұлттық шерулерден кейінгі ең ауқымды шеру болды.


Иранда қаза тапқандар саны артты

ERNUR.KZ. Ирандағы шеруден қаза тапқандар саны 41-ге жетті, деп жазады tengrinews.kz.

10 күн бұрын Иранда полиция ұстаған 22 жастағы Махси Аминиді жерлеу рәсімінде басталған шерулер Иранның барлық 31 провинциясына тарады және 2019 жылы жанармай бағасына қатысты жалпыұлттық шерулерден кейінгі ең ауқымды шеру болды.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, соңғы наразылық кезінде кемінде 41 адам, соның ішінде полиция қызметкерлері де қаза тапты.

Наразылық акциялары ел астанасы Тегеран, Карадж, Шираз, Табриз, Керман, Киш аралы, Йезд, Нейшапур, Исфахан және Мешхед сияқты көптеген қалаларда тіркелді. Соңғы күндері шеру жиілеп, оған ер адамдар да қосылды.

Еске салайық, 22 жастағы қыздың өліміне қатысты наразылық шерулері жерлеу күні - 16 қыркүйекте басталып, ел астанасы Тегеранды қоса алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығыстарға ұласты.

Өз кезегінде, Иран полициясы Аминидің өліміне қатысы барын жоққа шығарып, қыздың полиция бөлімінде кенеттен есінен танып қалғанын және физикалық зорлық көрмегенін көрсететін бейнебақылау камераларына түсірілген кадрларды жариялады. Алайда Аминидің ата-анасы қызының денсаулығында ешқандай проблема болмағанын айтқан. Бұл оқиға қоғамда үлкен жанжал тудырды. Иран президенті Эбрахим Раиси Махса Аминидің өлімінің себептерін шұғыл түрде ресми тергеуді тапсырды. Бірақ елдегі наразылықтар әлі басылмай тұр.