Италияда су тасқынынан 10-нан аса адам қаза тапты

0
445

Тасқын салдарынан 18 500 тұрғын жарықсыз қалды.


Италияда су тасқынынан 10-нан аса адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Италияның солтүстігінде су тасқыны салдарынан 10 мыңнан астам адам үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ansa ақпараттық агенттігінің мәліметінше, су тасқыны бір жарым күннен астам уақытқа созылған қатты нөсерден кейін басталған. Осы уақыт ішінде мұнда жауын-шашынның алты айлық нормасы жауған.

Тасқын салдарынан 18 500 тұрғын жарықсыз қалды.

19 мамырда Эмилия-Романья аймағында қауіптің «қызыл» деңгейі сақталып отыр, тұрғындарға көшкін болуы мүмкін екені ескертілді. Мұнда қазірдің өзінде 280-нен астам көшкін болған, оның 120-сы аса ауыр зардаптарға әкеліп соққан. Өңірде көшкін жүруі мүмкін аумақта 250 жол жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты осы демалыс күндері Эмилия-Романья аймағында өтуі тиіс «Формула-1» Гран-приі Сантерно өзенінің су басу қаупіне байланысты өтпейтін болды.