Италияның Авеллино және Беневенто провинциялары арасындағы аумақта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Фото: volcanodiscovery.com
ERNUR.KZ. Жерасты дүмпуі Ирпиниядағы Бонито қаласынан 3 шақырым қашықтықта, 17 шақырым тереңдікте тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.
Эпицентрге ең жақын орналасқан елді мекендер – Авеллино провинциясындағы Мелито-Ирпино, Гроттаминарда, Мирабелла-Эклано және Фонтанароза қалалары, сондай-ақ Беневенто провинциясындағы Апиче қаласы.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.