Тель-Авив Вашингтонның шешімін қолдады.
Фото: 24.kg
ERNUR.KZ. Израиль АҚШ-тың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы шешімін қолдап, өзі де осы кеңестен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар жазды, деп жазады inbusiness.kz.
Саар бұл кеңес адам құқықтарын бұзатындарды қорғағанын тартты.
"Бұл орган демократиялық елге қарсы шабуылдар жасап, адам құқықтарын насихаттаудың орнына антисемитизмді насихаттауға назар аударды", - деді саясаткер.
Сыртқы істер министрі Израильге қарсы жүзден астам айыптаушы резолюция қабылданғанын еске салды. Айтуынша, бұл Иран, Куба, Солтүстік Корея және Венесуэлаға қарсы қабылданған резолюциялардан да асып түседі.
Айта кету керек, 4 ақпан күні АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы жарлыққа қол қойған болатын.