Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан босқындар лагеріндегі 20 үйді жарып жіберді

0
117

1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғанда, онда тұрып жатқан мыңдаған палестиндік үйлерін тастап кеткен.


Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан босқындар лагеріндегі 20 үйді жарып жіберді

Фото: Х / @Timesofgaza

ERNUR.KZ. ЦАХАЛ бұл әрекетін ғимаратты лаңкестер пайдаланды деп түсіндірді. Израильдің Иордан өзенінің жағалауындағы операциясы 21 қаңтар күні басталған, деп жазады inform.kz.

1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғанда, онда тұрып жатқан мыңдаған палестиндік үйлерін тастап кеткен. Олардың кейбірі Джениндегі босқындар лагеріне орналасып, онда осы күнге дейін тұрып жатыр.

Газа секторындағы атыс тоқтағаннан кейін Израиль әскері Батыс жағалауда операция бастады. Бұл әрекеттерін олар ХАМАС пен «Ислам джихады» ұйымдары сияқты Иран қолдайтын әскери топтардың ізіне түстік, деп түсіндірді. Операцияның жүргізіліп жатқанына екі апта болды.
Сенбі күні Изриаль әскерлерінің әуеден жасаған соққысынан кейін бес палестиндік қаза тапты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Осылайша, жаңа операция құрбандарының саны 23 адамға жетті.