Израильдің ескертуінен кейін Тегеранда жарылыстар болды

0
101

​Оқиға Иерусалим маршы өтіп жатқан кезде Чахаррах-и Велиясар алаңы маңында тіркелді.


Израильдің ескертуінен кейін Тегеранда жарылыстар болды

ERNUR.KZ. Тегеранда Иерусалим маршы өтіп жатқан Чахаррах-и Велиясар алаңының (Қалалық театрлар алаңы) маңында Израиль қала орталығындағы үш аудан тұрғындарын эвакуациялауы мүмкін екенін ескерткеннен кейін жарылыстар болды, деп жазады baq.kz.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, акцияға қатысушылар жиналған және эвакуация туралы ескерту жасалған алаң маңында шағын жарылыстар болғанын хабарлады.

Жарылыстардан кейін аспанға қою түтін көтерілді.