ERNUR.KZ. Еуропалық хабар тарату одағы келесі аптада Израильдің «Евровидение» байқауына қатысуына тыйым салу туралы ұсынысты талқылайды, деп жазады BAQ.KZ.
"Жас еуропалық жасылдар" ұйымының хабарлауынша, бірқатар еуропалық елдер Газадағы оқиғалардан кейін Израильді 2025 жылғы «Евровидение» ән байқауынан шеттетуге шақырды. Олардың қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.
Мамыр айында, Базельдегі байқаудың алдында ирландиялық телерадиокомпания EBU-дан Израильдің қатысу мәселесі «ұйым мүшелері арасында кеңірек талқылауға» шығарылатыны туралы уәде алды.
Исландиялық БАҚ бүгін шамамен екі ай бұрын өткен RÚV (Исланд хабар тарату компаниясы) кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, Израильдің Евровидениеге қатысу мәселесі шілденің 3-і күні Лондонда өтетін Еуропалық хабар тарату одағының Бас ассамблеясында талқыланады.