Калифорнияда отшашу сақталған қойма өртеніп, жойқын жарылыс болды

0
149

Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр.


Калифорнияда отшашу сақталған қойма өртеніп, жойқын жарылыс болды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатында отшашу сақталған қойма өртке оранып, жойқын жарылыс болды, деп жазады zakon.kz.

Пиротехника заттары бірінен соң бірі жан-жаққа атылып, одан тұтанған от 32 гектар аумаққа жайылған.

Сол маңдағы Эспарто және Жарылыстың күшті болғаны соншалық, Мэдисон елді мекендерінің халқы бастапқыда жер сілкінді деп ойлаған. Кейбір үйдің терезесі сынып, екі мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалған.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Төтенше жағдай болған жерден шыққан қою қара түтін төрт шақырым қашықтан көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің тұтану себебі де белгісіз. Бірақ округ шерифі қасақана от қою дерегін жоққа шығарып, өртті оқыс жағдай деп отыр.