Қыздың жаңа бейнесі фотографтардың сұранысына ие.
ERNUR.KZ. Даниялық жас изажист Сара Мари Кларк қалың қара қасын өсіріп желіде танымал болды, деп жазады Stan.kz.
Қыз достарының қарсы болғанына қарамастан, 2019 жылдың наурыз айынан бастап қасын жұлудан бас тартқан. 18 жасар ару инстаграмдағы басқа визажистер мен модельдердің осындай қалың қас бояғанын көріп, осындай қадамға барыпты.
«Сонымен, мен баяу өз қасымды өсіре бастадым, бірақ оған үйренуіме біраз уақыт кетті. Содан кейін мен инстаграмдағы қыздардың көбейіп, өздеріне сенімді бола бастағанын көрдім», - дейді ол.
Кларктың жаңа бейнесі фотографтардың сұранысына ие болды және модельдік мансабын бастады. Ол сонымен бірге қазір ер адамдардың көбірек көңіл бөлетінін айтты, бірақ кейбіреулер оның келбетін сынға алады екен.
Сара кейде бейтаныс адамдар онымен суретке түсіріп, оған күлетінін түсіндірді. Ол фотосуреттерінің астындағы жағымсыз пікірлерді өшіріп отыратынын да жазған.