Канада коронавирусқа қарсы жаппай екпе салуды бастады

0
1 096

Ол үшін Pfizer-BioNTech екпесі қолданылуда.


Канада коронавирусқа қарсы жаппай екпе салуды бастады

ERNUR.KZ. Канада 14 желтоқсаннан бастап COVID-19-ға қарсы екпе салу компаниясын бастады, деп жазады baq.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Канада билігі алдымен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындарына екпе салуды көздеп отыр. Ол үшін Pfizer-BioNTech екпесі қолданылуда.

COVID-19-ға қарсы вакцинаны алғашқы болып Торонто қаласындағы қарттар үйінің қызметкері Анита Квиданген салдырған.

Соңғы мәлімет бойынша, Канадада вирус жұқтырғандар саны 468,9 мың адамды құраған, олардың 379,5 мыңы жазылып шықса, 13 553-і қауіпті індеттен көз жұмған.