Қасында екі мәйіт жатқан: теңізде жоғалған ер адам 67 күннен кейін табылды

0
306

Ер адам 50 келіге арықтаған.


Қасында екі мәйіт жатқан: теңізде жоғалған ер адам 67 күннен кейін табылды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Камчатка жағалауында балықшылар қайықтағы екі мәйіттің ортасында тірі қалған ер адамды тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл саяхатшылар 9 тамызда жоғалып кеткен. Олар Хабаровск өлкесінен Сахалинге дейін жүзіп өтпек болған. Байланыстан ажырап, ашық теңізде 67 күн жүзген.

46 жастағы Михаил Пичугин 49 жастағы ағасы Сергей мен оның 15 жастағы ұлы Ильямен бірге саяхаттамақшы болған. Олар жылы киім-кешек, құтқару кеудешелері, аздап тамақ және 20 литр ауыз су алған.

«Камчатка-лайф» хабарлағандай, 15 қазанға қараған түні жоғалған қайықты Камчатка жағалауынан «Періште» кемесімен өтіп бара жатқан балықшылар тапқан. Қайық құрлықтан 23 шақырым қашықтықта жүзген.

Үш жолаушының ішінен тек Михаил ғана аман қалды, оның қайтыс болған ағасы мен жиенінің денелері қасында жатқан.

Ер адам мен оның ұлы қашан және неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Жалғыз тірі қалған адам ауыр жағдайда, жүзу кезінде ол 50 келі салмақ тастаған.