Бір үйір шегіртке тәулігіне 35 мың адам тамақтанатындай аумақты ойрандайды екен.
ERNUR.KZ. Шегірткелердің шабуылы Шығыс Африканың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады, деп хабарлайды Хабар24.
Зиянкестердің әрекетінен аймақта ашаршылық басталып, ондаған миллион адам жапа шегуі мүмкін. Тіпті Шығыс Африкада тұрақты мемлекет саналатын Кенияның өзінде шегірткелерге шашатын дәрілер жетіспеуде. Олардың қорлары бір апта бұрын таусылған. Фермерлер зиянкестердің егістік алқаптарын жойып жатқанда қол қусырып қарап отыруға мәжбүр. Ал ресми дерекке сүйенсек, бір үйір шегіртке тәулігіне 35 мың адам тамақтанатындай аумақты ойрандайды екен.
- Біз қуаңшылық пен су тасқыны қауіпті деп жатамыз. Бірақ шегірткенің шабуылы одан да сорақы деп айтар едім. Өйткені егістікке үлкен қатер төндіреді, - дейді Кениядағы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы өкілдігінің директоры Тобиас Такаварша.