Алматыдағы маньяк туралы хабарламалар қазақстандықтарды шошытты: полиция мән-жайды түсіндірді

0
224

Мессенджерлерде Алматыда маньяк пайда болды деген хабарламалар тарап жатыр.


Алматыдағы маньяк туралы хабарламалар қазақстандықтарды шошытты: полиция мән-жайды түсіндірді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Таратылған ақпарат авторлары қалада адам өліміне әкеп соққан қатыгез шабуылдар болғанын мәлімдеген. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Мессенджерлерде не жазылып жатыр?

Пайдаланушылар бір-біріне Алматыда маньяк жүр деген үрейлі хабарламалар жолдап жатыр. Хабарламада қорқынышты деректер келтірілген.

"Алматыда маньяк жүр. Үш адамды өлтіріп, біреуін пышақтап кеткен. Тіпті кім екені де анықталмаған", - делінген хабарламалардың бірінде.

Полиция не деді?

Алматы қаласының полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан қалада маньяк пайда болды деген ақпаратты теріске шығарды.

Ведомство бұл ақпараттың жалған екенін және мұндай деректер тіркелмегенін мәлімдеді.

"Алматы полициясы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған ресми мәліметтерге сүйенуге шақырамыз", - деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Алматыда 61 жастағы ер адамды өлтірді және оның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен төрт адам ұсталған болатын.