Бұған дейін Ресейде бірқатар сервистің жұмысы жаппай істен шыққан еді.
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ERNUR.KZ. Премьер-Министр орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Яндекс қосымшасындағы ақау жөнінде пікір білдірді, деп жазады inform.kz.
— Яндекс қазір жұмыс істеп тұр. Бірақ олар тұрақтандыру үшін жұмыстарды бастады. Екі-үш күннен кейін Яндекс толыққанды жұмыс істейді деп үміттенеміз, — деді министр агенттік тілшісіне.
Бұған дейін Ресейде бірқатар сервистің жұмысы жаппай істен шыққан еді.
Сондай-ақ бұған дейін Yandex Go Kazakhstan сервистер жұмысындағы ақауларға қатысты түсінік берген еді.
Министрлік ел азаматтарының жеке деректері сақталатын Яндекс серверлері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтуда.


