Сол сәтте есіктің әйнегінен іштегі болып жатқан оқиғаны көзеше кездейсоқ өтіп бара жатқан адам байқап қалып, кіріп келеді де, қылмыскерді ұстайды.
ERNUR.KZ. Ресейдің Красноярск қаласында көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ адам бойжеткенді кеңсе ішінде зорламақ болған қылмыскерден арашалап қалды, - деп хабарлайды ERNUR KZ life.ru-ға сілтеме жасап.
Кеңседе орнатылған бейнекамераға оған кірген ер адамның қызметкерді зорламақ болған әрекеті түсіп қалды. Ол алдымен офисте отырған қызбен сөйлесіп, артынан суық қарумен қорқытып ойын іске асырмақ болады. Бірақ қыз оған қарсылық көрсетіп, дабыл түймесін басып үлгерген. Сондай-ақ, қылмыскерді кеңседен шығарып жібермек болып есік алдына дейін сүйреп барады.
Сол сәтте есіктің әйнегінен іштегі болып жатқан оқиғаны көзеше кездейсоқ өтіп бара жатқан адам байқап қалып, кіріп келеді де, қылмыскерді ұстайды.
Кеңсе қызметкері зардап шекпеген, тек қолын ғана аздап жарақаттап алғаны анықталды.
Ал ұсталған қылмыскер кінәсін толық мойындап, «Кінәлімін. Шайтан азғырды...Не істеп, не қойғанымды білмеймін» деп түсініктеме берген.
Ал қызды құтқарып қалған азамат «Менің орнымда кез келген адам осылай етер еді» дейді.