"Хат жазып қалдырған": Корейдің атақты актері саябақта өлі күйінде табылды

0
604

Ер адамның денесі көліктен табылған.


ERNUR.KZ. Сеулдегі саябақтардың бірінде Оңтүстік Кореяның 48 жастағы атақты актері Ли Сон Гюн өлі күйінде табылды, деп жазады zakon.kz.

Yonhap News Agency ақпарат агенттігінің мәліметінше, ер адамның денесі көліктен табылған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз.

Артына жазып қалдырған хатын тауып алған әйелі жұбайының жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

Бұған дейін полиция Ли Сон Гюнға қатысты тергеу шараларын қолға алып, оны сұрақ-жауапқа қайта-қайта шақыртып отырған. Ол есірткі тұтынды деген күдікке ілінген. Алайда бұл айыптауларды актер үнемі жоққа шығарумен болған.

Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда төрт айдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға болады.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары оның пәтерінен хат табылғанын растады. Бірақ хат мәтіні туралы ақпарат ашып айтылмайды.

Актердің артында әйелі мен екі ұлы қалды.

Ол бірнеше белді марапаттарға ие әрі өнер сыншыларының жоғары бағасына ие фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Соның бірі - 2020 жылы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған "Паразиттер" фильмі. Одан бөлек өнерсүйер қауым оны "Доктор Брейн", "Ханзада" алғашқы дәмханасы", "Паста", "Пхачжу", "Менің мырзам" сынды фильмдер арқылы таниды.

2023 жылы ол түскен тағы екі фильм Канн кинофестиваліне жол тартқан болатын.