Киевке АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің делегациясы келді

0
195


Киевке АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің делегациясы келді

фото: Emilio Morenatti

ERNUR.KZ. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Украина мәселесі жөніндегі директоры Уинфилд Свонтон бастаған америкалық делегация Киевке келді, деп жазады sputnik.kz.
"Германияда өтетін Украинаға көмек көрсету жөніндегі байланыс тобының отырысы алдында АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Украина мәселесі жөніндегі директоры Уинфилд Свонтон бастаған америкалық делегация Киевке келді. Кездесуде АҚШ-тың 2024 жылы Украинаға көрсеткен көмегінің қорытындысы және 2025 жылы қорғаныс министрліктері арасындағы өзара іс-қимылды жоспарлау мәселесі талқыланды", - делінген министрлік сайтында жарияланған хабарламада.
Кездесуде АҚШ-тың Украинаның ұшқышсыз ұшақтар өндірісіне инвестиция салуы және әскери-өнеркәсіптік кешен саласындағы басқа да бірлескен жобаларды дамыту жайы қаралған.
"АҚШ-тың қару-жарақ пен оқ-дәрілердің нақты түрлеріне қатысты одан әрі көмегіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Украинаның қажеттіліктері мен Американың мүмкіндіктеріне қатысты ұстанымдар үйлестірілді", - делінген хабарламада.