Киевке ауқымды шабуыл жасалды

0
103

Электр беру желілері істен шығып, соның салдарынан Украина астанасының солтүстік бөлігінде 140 мың абонент жарықсыз қалған.


Киевке ауқымды шабуыл жасалды

Фото: t.me/uniannet

ERNUR.KZ. Түнде Киев ауқымды шабуылға ұшырады. Қаланың барлық дерлік аудандарында қираулар мен өрт тіркелді, қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп жазады tengrinews.kz.

Түнгі сағат бір шамасында Ресей әскері Киевке әуеден шабуыл жасай бастағаны хабарланды. Бірден Киев-Печерск лаврасының аумағына - Успен соборына снаряд түскені белгілі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 4 адам қаза тауып, 25 адам жараланған. Зардап шеккендердің үшеуі ауыр халде жатыр.

Киев мэрі Виталий Кличконың мәлімдеуінше, көпқабатты тұрғын үйлер, қоймалар, автокөліктер, инфрақұрылым нысандары мен кәсіпорындар зақымдалған.

Сондай-ақ электр беру желілері істен шығып, соның салдарынан Украина астанасының солтүстік бөлігінде 140 мың абонент жарықсыз қалған.

Сонымен қатар Ресейлік БАҚ Украинаның стратегиялық нысандарының жойылғанын хабарлап жатыр.

"Зымырандар Украина қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің негізгі кәсіпорындарының бірі - "Арсенал" зауытына тиді. Бұған дейін зауыт оптикалық-механикалық және оптикалық-электрондық жүйелер шығарып келген және Украинаның стратегиялық нысандарының тізіміне енген болатын", - деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы.

Еске сала кетейік, мамыр айында Мәскеу кейінгі бір жылдағы ең ірі дрон шабуылына ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Украина әскерилері мұнай нысандары мен қару-жарақ шығаратын зауытқа соққы бергенін мәлімдеген еді.