Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосын тексеру жүргізді

0
155

Айдос Мырзахметов казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударды.


Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосын тексеру жүргізді

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп жазады sputnik.kz.
"Генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты", - деп жазылған хабарламада.
Министр казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтқан болатын.