Кішкентай қыз ата-анысының көз алдында батпырауықпен бірге аспанға ұшып кетті (видео)

0
913

Оқиға батпырауық фестивалі кезінде орын алған.


Кішкентай қыз ата-анысының көз алдында батпырауықпен бірге аспанға ұшып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Үш жасар қыз Тайванның солтүстік-батысында Синьчжу қаласында өткен фестивальде батпырауықпен бірге ұшып кетті, деп жазады Stan.kz.

Ата-анасы қызды батпырауық арқанын қалай тартып алып кеткенін байқамай қалды. Қыз бала батпырауықпен 10 метр биіктікке көтерілді.

Бала есеңгіреген көпшіліктің алдында бірнеше секунд ауада тербеліп, содан кейін адамдардың қолына құлап түсті. Ата-анасы оның есеңгіреп қалғанын, бірақ дене жарақатын алмағанын айтты.

Оқиғаға байланысты «Дауыл қаласы» деп аталатын Синьчжу батпырауық фестивалі тоқтатылды.