Өңірде көкнәр гүлі дәрілік мақсатта қолданылатын апиын алу үшін егіледі. Бұған заң жүзінде рұқсат берілген.
ERNUR.KZ.Үндістанның шаруалары тосынан келген қиындыққа тап болды, деп жазады 24.kz.
Есірткіге еліріп алған тотықұстар көкнәр өсірілетін егістікті шабуылдады. Айта кетерлігі, Мадхья-Прадеш өңірінде көкнәр гүлі дәрілік мақсатта қолданылатын апиын алу үшін егіледі. Бұған заң жүзінде рұқсат берілген. Ал гүлдің дәндерін жеп дәнігіп алған құстар енді басқа жемге жоламайды. Фермерлердің айтуынша, олардан құтылу мүмкін болмай отыр. Сабаннан жасалған қарауылдар көмектеспейді. Сондықтан тотықұстарды қиқулатып үркіткеннен басқа амал қалмаған.
Нандикишор Дхаакад, шаруа:
– Тотықұстардың қылығы әбден мезі қылды. Күндіз-түні егістікті төңіректеп, егінді ұрлайды. Бүкіл отбасымызбен алқапты қорғауға тура келеді. Амал нешік? Отшашуларды атып, егістіктен қуамыз.