Колмубияда футбол жанкүйерлері өздері қолдау көрсететін «Кукута Депортиво» командасының кезекті ойынына досының мүрдесін әкелді. Ол ойынға 1 күн қалғанда қайтыс болған 17 жасар Кристофер Джейкомның мүрдесі екен. Жанкүйерлердің табытты стадион күзетшілерінен қалай өткізгені белгісіз. Бірақ, марқұмның отбасынан рұқсат алған.
ERNUR.KZ Колмубияда футбол жанкүйерлері өздері қолдау көрсетітін «Кукута Депортиво» командасының кезекті ойынына досының мүрдесін әкелген, деп жазады Eurosport.ru.
Бұл жөнінде жергілікті "True Faith" басылымының журналисті Джон Милтон өзінің "твиттердегі" парақшасында жазыпты.
"Ойынға бір күн қалғанда дүниеден озған 17 жасар Кристофер Джейком, өз командасының жасыл алаңдағы ойынына табытпен келді. "Кукута" командасы бұл кездесуде қарсыластарға жеңіліп жатқан, алайда табытты стадионға алып кіргенде, олар есепті теңестірді" - деп жазады Джон Милтон.
Жанкүйерлердің табытты стадион күзетшілерінен қалай өткізгені белгісіз. Бірақ, марқұмның отбасынан рұқсат алған екен.
Айтпақшы, осыған ұқсас жағдай бұған дейін Аргентинада болған. Жанкүйер өз командасының жеңісін атасының бас сүйегімен бірге тойлаған.