Колумбияда көмір шахтасында жарылыс болды

0
848

Соңғы деректерге қарағанда, құрбан болғандар шахтада қамалып шыға алмай қалыпты.


Колумбияда көмір шахтасында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Колумбияда көмір шахтасында жойқын жаралыстан көз жұмғандар саны 7-ге жетті, деп жазады «Хабар 24».

Оқыс оқиға Богота қаласынан 90 шақырым қашықтықта Кундинамарка аймағында түнде болған. Соңғы деректерге қарағанда, құрбан болғандар шахтада қамалып шыға алмай қалыпты.

Түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгендер де бар. Жалпы, шахта жұмысы былтыр желтоқсан айында тоқтағаны белгілі болды.

Бұған тексеру кезінде қауіпсіз жағынан кеткен ақаулар себеп болған. Дегенмен, шахта биыл заңсыз түрде жұмысын жалғастырған екен. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, заң бұзғандар қатаң жазаға тартылады.