Колумбияда қуатты жер сілкінісі болды

0
114

Колумбия сейсмикалық және вулкан атқылау қаупі жоғары аймақта жатыр.


Колумбияда қуатты жер сілкінісі болды

Фото: Servicio Geológico Colombiano

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Колумбияда қуаты 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.

Колумбия геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің ошағы Паратебуэнодан солтүстік шығысқа қарай 17 км қашықтықта, 10 км тереңдікте жатыр.

Жер сілкінісі елдің басым бөлігінде сезілген. Жерасты дүмпулері 100 км қашықтықта жатқан ел астанасы Боготада да сезілді.

Әзірге қирандылар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Әлеуметтік желілерге жарияланған суреттерде Боготадағы жерасты дүмпулерін сезінген адамдар бейнеленген. Олардың бірі жұмыс орындарын тастап шыққан.
Ауылдық аймақтардан түсірілген кадрлар қираған ғимараттардың жоқ екенін көрсетті.

Колумбия сейсмикалық және вулкан атқылау қаупі жоғары аймақта жатыр.

Осыған дейін ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескерткен еді.