Елдегі жаңбырлы маусым желтоқсан айының соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.
ERNUR.KZ. Колумбия президенті Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан елде төтенше жағдай режимін жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Президент Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған климаттық төтенше жағдайға байланысты ел бойынша апат режимін жариялады», - деді әкімшілік Х әлеуметтік желісінде.
Елдегі жаңбырлы маусым желтоқсан айының соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.
Су тасқынының салдарымен күресу ел астанасы Богота мен Гуахира және Чоко департаментіне бағытталады.
El tiempo газетінің хабарлауынша, Колумбиядағы су тасқынынан 46 мыңнан астам отбасы зардап шеккен. Кейбір аудандарда жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына әкелді. Әзірге құрбандар туралы ақпарат жоқ.