Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 15 адам болған.
ERNUR.KZ. 28 қаңтар күні Колумбияда Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Кукута – Оканья бағыты бойынша рейс орындаған, деп жазады baq.kz.
Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 15 адам болған. Колумбиялық The City Paper басылымының мәліметінше, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.
Әуе кемесі Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің таулы аймағынан табылған. Қаза тапқандар арасында Колумбия Конгресі Өкілдер палатасының депутаты Диоген Кинтеро мен депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болуы мүмкін.
HK4709 тіркеу нөмірі бар ұшақпен соңғы байланыс әуеге көтерілгеннен кейін 12 минут өткен соң үзілген. Іздестіру жұмыстарына қолжетімсіз жер бедері мен қолайсыз ауа райы кедергі келтірген. Апаттың себептері анықталып жатыр.


