Студенттер қорапты өздерімен бірге әкелген.
ERNUR.KZ. Үндістанда бастарына қорап киіп емтихан тапсырған студенттердің суреті желіде дау туғызды, деп жазады sputniknews.kz.
Сурет Карнатака штатында Хавери қаласындағы Бхагат даярлық колледжінде түсірілген. Химия пәнінен емтихан тапсырған студенттер басына картон қорап киіп алған. Студенттер емтихан жұмысын бір-бірінен көшірмес үшін, колледж басшылығы осындай қадамға барған.
Karnataka: Students were made to wear cardboard boxes during an exam at Bhagat Pre-University College in Haveri, reportedly to stop them from cheating. (16.10.2019) pic.twitter.com/lPR5z0dsUs
— ANI (@ANI) October 18, 2019
Колледж әкімшісі округ билігінен бұл оқиға үшін кешірім сұрады. Мұндай әдіс басқа мектептерде қолданылғандықтан, колледж сынақ ретінде байқап көрмек болған, деп хабарлайды Times of India.
Әкімшінің айтуынша, студенттерді ешкім мәжбүрлеген жоқ, қорапты олар өзімен бірге әкелген.
"Студенттердің бәрі бірдей қорап киген жоқ. Оны суреттен де көруге болады. Кейбірі 15 минуттан кейін, енді бірі біздің ұсынысымызбен бір сағаттан шешіп тастады",- деді әкімші.
Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін, колледжге барып, басшылыққа қатаң ескерту жасады.