Кореяда африкалық шошқа обасы тіркелді

0
1 117

Билік өкілдері жануарларды тасымалдауға, союға карантин қойды.


Кореяда африкалық шошқа обасы тіркелді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Пхаджу қаласында африкалық шошқа обасынан үй жануарлары қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шекарамен шектескен өңірдегі фермаларда бірден бес шошқаның өлексесі табылды. Енді тіркелген қауіпті індет салдарынан көршілес үш шаруа қожалығындағы 4 мың шошқаның көзін құрту қажеттігі туындады. Билік өкілдері жануарларды тасымалдауға, союға карантин қойды. Оңтүстік Кореядағы індет жауаптылардың айтуынша, Солтүстік Корея жақтан келуі мүмкін. Өйткені көршілес ел мамыр айында елде африкалық шошқа обасының анықталғанын мәлімдеп еді. Бұл инфекция тез тарайды және жануарлар үшін өте қауіпті болып келеді. Бүгінгі таңда африкандық шошқа обасына қарсы екпе жоқ. Мамандар ол адамдар үшін қауіпсіз дейді.