Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады

0
1 259

Қайтыс болғандар саны 170-ке жетті. Жеті мыңнан астам адам жұқтырған.


Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады

ERNUR.KZ. Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді. Бұл туралы South China Morning Post газеті ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының деректеріне қарап хабарлады, деп жазады baq.kz.

Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады. Бұған дейін Тибетте жұқтырған факті тіркелмеген болатын.


Бір күн бұрын 132 адам қайтыс болды және 5974 адам ауырып жатыр деген ресми хабарлама болған.

Тәулік ішінде 1737 адам жұқтырып, 38 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 37 адам Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында қаза тапты. Вирус дәл осы аймақтан тарай бастаған болатын.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны сегіз мыңға адамға жетіп қалды.