"Коронавирусқа қарсы дәріден" 44 адам көз жұмды

0
1 212

Құрбандардың саны тез өсуде. Екі жүзден астам адам ауруханаға жеткізілді, ондаған адам көру қабілетінен айырылды.


иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Метанол коронавирус инфекциясын болдырмауға және емдеуге көмектеседі деген қауесеттер Иранда кем дегенде 44 адамның өмірін қиды, деп жазады Stan.kz.

Құрбандардың саны тез өсуде. Екі жүзден астам адам ауруханаға жеткізілді, ондаған адам көру қабілетінен айырылды. Өлгендер мен зардап шеккен ирандықтар коронавирусты жеңуге үміттеніп, құрамында метанол бар кез келген химикатты ішуге дайын болған, олардың ішінде антифриз, еріткіш және тіпті автомобиль жанармайы бар.

Бұған дейін Альборз қаласының прокуратурасының өкілі Мохаммад Агаяри адамдар ғаламтордағы жалған ақпараттарды оқып, метанол коронавирусқа қарсы тұруға көмектеседі деп сенген, дейді.

Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 8042 адамға дейін өсті, ал 2731 адам қалпына келді, 297 қайтыс болды.