Коронавирустан емделген науқастар ұзақ уақыт зардабын тартады – Қытай дәрігерлері

0
925

​COVID-19 диагнозымен ауруханаға түскен азаматтардың көбі дертінен айыққан соң да ұзақ уақыт бойы аурудың зардабын тартады.


Коронавирустан емделген науқастар ұзақ уақыт зардабын тартады – Қытай дәрігерлері

ERNUR.KZ. Қытайдағы респираторлық аурулар орталығының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ухань ауруханасынан емделіп шыққан 1700 кісіге бақылау жүргізіпті. Азаматтардың 70%-інен астамы шаршау, бұлшықет әлсіздігі мен тәбеттің болмауы секілді аурудың кері әсерін сезінгені анықталған. Әр бесінші азаматтан психологиялық проблемалар табылған. Компьютерлік томография қорытындысы бойынша жартысына жуығында нормадан тыс ауытқу бары байқалыпты. Мамандар бұрынғы науқастарды алдағы уақытта да бақылайды. Өйткені олар вирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары жандар қатарына жатады екен.