Бір күн ішінде сырқаттанған науқастардың саны 1 347-ге артты.
ERNUR.KZ. Қытайдағы індеттен көз жұмғандардың саны 249 адамға жетті. Олардың барлығы дерлік Хубэй провинциясының тұрғындары екен, деп жазады Stan.kz.
"Хубэй провинциясында ауруды жұқтырған 7 153 адам тіркелді. Олардың 166-ы ауруханадан шығарылса, 249-ы көз жұмды", - деп мәлімдеді Қытай билігі.
Бір күн ішінде сырқаттанған науқастардың саны 1 347-ге артты, ал 50 адам болса коронавирустан емделіп шыққан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың таралуын халықаралық ахуал деп танып, төтенше жағдай жариялап отыр. Әлем бойынша коронавируске шалдыққандардың саны он бір мыңнан асыпты.