Тест нәтижесі жарты сағат ішінде дайын болады.
ERNUR.KZ. АҚШ-та коронавирусты анықтайтын алғашқы тестті үй жағдайында өз бетінше қолдануға рұқсат берілді, деп жазады 24.kz.
«Үй жағдайында коронавирусты өздігінен анықтау үшін жедел нәтиже көрсететін алғашқы COVID-19 тестін пайдалануға рұқсат етілді. Lucira COVID-19 бір реттік әмбебап жиынтығы – SARS-CoV-2 коронавирусын анықтауға арналған молекулалық сынақ», - делінген хабарламада.
Тест қолданушылары, яғни 14 жастан асқан адамдар зерттеу материалын мұрын қуысынан алуы тиіс.
Тест нәтижесі жарты сағат ішінде дайын болады. Қазіргі уақытта тестті дәрігердің нұсқауы бойынша ғана алуға рұқсат етілген.