«Ковид-19»-дың жаңа мутацияларын өткен аптада 4 миллион 700 мың адам жұқтырған.
ERNUR.KZ. Коронавирустың мутацияланған түрлері әлем бойынша тез таралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Британиялық штамм анықталған елдер саны 60-тан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апталық шолуында хабарлады.
Сондай-ақ Оңтүстік Африка Республикасынан табылған штамм 23 ел мен аймақта анықталған. Аталған есепке сәйкес, «Ковид-19»-дың жаңа мутацияларын өткен аптада 4 миллион 700 мың адам жұқтырған. Бұл алдыңғы жұмаға қарағанда 6 есе көп. Ал соңғы 7 күнде індеттен 93 мың адам қайтыс болып, өлім-жітім деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген.