Коронавирустың мутациялық түрін жұқтырған науқастардың арасындағы өлім-жітім 30%-ке ұлғайған.
ERNUR.KZ. Коронавирустың британиялық штамынан көп адам өлуі мүмкін. Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі Борис Джонсон осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды Хабар24.
Алдын ала мәлімет бойынша мутациялық түрін жұқтырған науқастардың арасындағы өлім-жітім 30%-ке ұлғайған. Ұлыбритания қазір COVID-19-ды күнделікті жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр. Джонсон Pfizer және AstraZeneca вакциналары жаңа штамға қарсы емдеу ісінде тиімділігін дәлелдеуде деп мәлімдеді.
- Соңғы мәліметтер аталған екі вакцина мутацияның ескі және жаңа түрлеріне қарсы емде тиімді екенін көрсетуде. Бізде вакциналау жылдам жүріп жатыр. Қазірдің өзінде алғашы дозаны 5 миллионнан астам адам алып үлгерді, - дейді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.