Зерттеуге қарағанда вирус адам ағзасында мутацияға ұшыраған.
ERNUR.KZ. Коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына осы дертке шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданылған дәрілер себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.
АҚШ-тың Джордж Мейсон университетінің эпидемиолог мамандары осындай пікірде. Зерттеуге қарағанда вирус адам ағзасында мутацияға ұшыраған. Дәлірек айтқанда, емдеу әдісін ұзақ жүргізгенен пайда болды. Бірақ сарапшылар «бұның да ұтымды тұсы бар» дейді. Вирустың өзгеруі ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына түрткі болуы мүмкін деген пікірде.