Коронавирустың жаңа түрі Сингапурдан да табылды

0
1 582

Жаңа штамм жақында Лондоннан оралған сингапурлық студенттен табылған.


Коронавирустың жаңа түрі Сингапурдан да табылды

ERNUR.KZ. Сингапур билігі коронавирустың Ұлыбританияда анықталған жаңа түрі ел ішінде тіркелгенін растады. Сонымен қатар тағы 11 адамның тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Хабар24.

Сингапурдың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа штамм жақында Лондоннан оралған сингапурлық студенттен табылған.

17 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Еуропа елдерінен Сингапурге оралған 31 адамнан коронавирус анықталды.


«Вирусты жұқтырғандардың барлығы арнайы карантиндік орталықтарға орналастырылды», - деді елдің Денсаулық сақтау министрлігі.


Айта кетсек, Сингапурда пандемия басталғалы бері 58,4 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып, оның ішінде 29 адам қайтыс болды.